Жанқош Тұраровтың жаттықтырушысы Алматыдағы жекпе-жек алдында маңызды мәлімдеме жасады

Жанқош Тұраровтың жаттықтырушысы Алматыдағы жекпе-жек алдында маңызды мәлімдеме жасады , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2024 10:22 Сурет: Instagram/zhankoshturarov
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров 28 қыркүйекте әлі бірде-бір жеңіліс таппаған венесуэлалық Хесус Корреа Пинтомен шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Zakon.kz

sportarena.kz ақпараты бойынша, оны маңызды жекпе-жекке Қазақстанның бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағатбек Мұсаханов дайындауда. Оның айтуынша, Жанқош елімізде өтетін жарыста бар күшін көрсетуді жоспарлап отыр.

"Қарсылас өткізген 16 жекпе-жегін 16 нокаутпен аяқтаған. Жақсы жетістік. Бәрін рингке шыққанда көретін боламыз", — деді Сағатбек Мұсаханов.

Осы жылы желтоқсан айында Жанқош жапондық Акихиро Кондоны жеңген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: