Көк бөрүден ақтық сында Қазақстан командасы Қырғызстанға жол беріп, күміс медаль иеленді

"Қазанат" ипподромында өткен көк бөрү бәсекесіне алты мемлекеттің құрамасы қатысты. 12 қыркүйекте ақтық сынға шыққан Қазақстан командасы Қырғызстаннан ұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көк бөрүден Қазақстан құрамасы финалдық ойында Қырғызстан командасынан 4:10 есебімен жеңілді.
Осылайша ұлттық құрама Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдесіне ие болды.
Айта кетсек, ұлттық ойын - көкпардан да ақтық сынға Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары шыққан болатын. Бұл ретте Қазақстан жеңіп, алтын медаль еншілеген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript