Азиада-2025: қазақстандық биатлоншылар "алтын" мен "күміс" жеңіп алды

2025 жылғы 11 ақпанада Харбиндегі Азия ойындарында еліміздің қоржыны бірден екі жүлдемен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан делегациясының қоржынына түскен үшінші алтын медальді Владислав Киреев алып келді. Ол биатлоннан 10 шақырым спринтте ешкімге дес бермеді. Киреев жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті.
Ал, ел намысын қорғаған Вадим Куралес күміс жүлдені иеленді. Ол 2023 жылғы Универсиаданың чемпионы және жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының 2 дүркін күміс жүлдегері атанған.
Сондай-ақ, үздік ондыққа тағы екі отандасымыз енді. Мәрені Әсет Дүйсенов 30:40.6 секундта кесіп өтіп, 6-сатыға тұрақтады. Ал, Александр Мухин 31:03.8 секунд нәтижесімен 7-орында қалды.
Бұған дейін қазақстандық фристайлшылар Азия ойындарында тарихи алтынды жеңіп алғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript