Қазақстандық шаңғышы қыздар 2025 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық шаңғышы қыздар 2025 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 17:10 Сурет: olympic.kz
Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында шаңғы жарысынан күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Эстафетада ел намысын Ксения Шалыгина, Камила Елғазинова, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қорғады.

Спортшылар 55:24.5 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті. Алтын жүлдені 53:59.3 уақытпен Қытай құрамасы жеңіп алса, Жапония 56:38.1 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: