Азиада-2025: мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада төртінші орын алды

Азиада-2025: мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада төртінші орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 19:27 Сурет: olympic.kz
Харбинде (Қытай) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама бойынша жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасынан медаль үшін Софья Самоделкина мен София Фарафонова таласуда.

Самоделкина төрешілердің шешімі бойынша 63,31 ұпай алды. Бұл нәтиже оған аралық төртінші орынға жайғасуға мүмкіндік берді.

Фарафонова болса 45,63 ұпай жинап, қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша сегізінші орынға тұрақтады.

Көшбасшы атанған – атақты жапондық спортшы Каори Сакамото, ол 75,03 ұпай еншіледі.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: