Михаил Шайдоров: Өкінішке қарай, әлемде тек өзім орындайтын каскадты көрсете алмадым

"Бұл күн мен үшін өте қиын болды. Аздап сырқаттанып қалдым, қызуым көтерілді. Дегенмен, жарысқа толықтай жинақы шықтым. Бастапқыда бәрі ойдағыдай болмады. Элементтер жақсы болғанымен, кейбір жерге түсуім сәтсіз шықты.
Жалпы, өз өнеріме көңілім толады. Бұған дейін мұндай ырғақта сырғанап көрмеп едім. Бағаларым жаман емес сияқты. Өкінішке қарай, әлемде тек өзім орындайтын каскадты көрсете алмадым. Келесі жарыста оны орындаймын деп үміттенемін. Осы арада дайындалып, төрешілердің еңбегімді бағалайды деп үміттенемін", - деді Шайдоров.
Еске салайық, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші орын алды.
Мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламада 169,26 ұпай жинады. Жалпы ұпай саны – 246,01. Бұл нәтиже Шайдоровқа қола медаль әкелді.