Қазақстан хоккейшілері бесінші рет қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды

2025 жылдың 14 ақпанында Харбин қаласында қысқы Азия ойындары аясында ерлер арасындағы хоккей турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Онда "алтын" үшін Қазақстан құрамасы Жапониялықтармен бәсекеге түсіп, 5:0 есебімен жеңді.
Азия ойындары тарихында бұл біздің хоккейшілеріміздің бесінші жеңісі. Бұған дейін Қазақстан құрамасы кубокты 1996, 1999, 2011 және 2017 жылдары жеңіп алған болатын.
Харбиндегі турнир қазақстандық құрама үшін өте сәтті өтті. Шешуші кездесуде жапондықтардың қақпасына алтын шайбаларды Андрей Буялский, Дмитрий Бреус, Роман Старченко және Кирилл Панюков (дубль) соқты.
Бұған дейін хоккейден әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript