Әлемнің бірінші ракеткасы үш айға жарыстан шеттетілді

Әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнер допингті пайдалануына байланысты Бүкіләлемдік антидопинг агенттігімен (WADA) өзіне қатысты үш ай мерзімге турнирлерге қатысуға тыйым салу туралы бейбіт келісімге отырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
WADA ресми сайтындағы мәліметке қарағанда, Синнер бейбіт келісім шартына сәйкес шеттетілу мерзімін биылғы 9 ақпаннан бастап 4 мамыр күнгі сағат 23.59-ға дейін өтейді. Дегенмен ол ресми жаттығуын 13 сәуірде бастай алады, деп жазды Kazinform.
Осылайша, Синнер Индиан-Уэллс, Майами, Монте-Карло және Мадрид мастерс жарыстарына қатыса алмайды. Ал келесі "Үлкен дулыға" турнирі – 19 мамырда басталатын Франция ашық чемпионатында бақ сынайды.
Бұдан бұрын Спорттық арбитраж соты (CAS) Синнердің ісін қарап, Бүкіләлемдік антидопинг агенттігінің апелляциялық шағымына сәйкес түпкілікті шешімді 16-17 сәуірде қабылдайтыны хабарланған еді.
Италиялық спортшы былтыр да допинг дауына ілінген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript