UFC белбеуінің экс-үміткері қоштасу жекпе-жегін өткізеді

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуіне экс-үміткер Энтони Смит өзінің кәсіби мансабын 26 сәуірде Канзас-Ситиде өтетін турнирде аяқтайды. Американдықтың соңғы қарсыласы қытайлық Минян Чжан болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Энтони Смит соңғы жеті жекпе-жегінде екі-ақ рет жеңіске жетті және жақында Роман Долиджо мен Доминик Рейеске техникалық нокаутпен есе жіберді.
Сингапурдағы іріктеу шоуында UFC-мен келісімшартқа отырған Минян Чжан ұйымда екі жекпе-жек өткізіп, Брендсон Рибейро мен Оззи Диасты нокаутқа жіберген болатын.
Американдық UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы рейтингінде он бесінші орында тұр, ал қытайлық әзірге өзін таныта қоймады.
Бұған дейін Әлемнің бірінші ракеткасы үш айға жарыстан шеттетілгені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript