Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі және республикалық маңызы бар қала. Шаһар 1921 жылға дейін Верный, ал 1993 жылға дейін Алма – Ата деп аталды. 2021 жылғы мәлімет бойынша қала халқының саны 1,9 миллионнан асады.
Алматы қаласы 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды. Қазір бұл жерді "оңтүстік астана" деп те атайды. Алматы еліміздің қаржылық және мәдени орталығы болып қала береді. Мегаполис еліміздің оңтүстік-шығысында Іле Алатауының баурайында орналасқан. Шаһар әкімшілік жағынан 8 ауданға бөлінеді.
Қазақстандағы алғашқы метрополитен Алматы қаласында салынған. Сондай-ақ, қала әлемдегі ең үлкен Медеу спорт кешенімен және Шымбұлақ тау шаңғысы курортымен, Үлкен Алматы көлімен және басқа да көптеген көрікті жерлерімен әйгілі.
2019 жылдан бастап Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев. Алматы туралы соңғы жаңалықтарды Zakon.kz. порталынан оқыңыз.