Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстандық алтынның 4%-ы "танымалдылық" үшін шет елге сатылатын болды

Ұлттық банк отандық құймалардың танымалдылығын арттыру шешімін қабылдады.

Сурет : i.kapital.kz13 Қыркүйек 2018, 12:25

Қазақстан Ұлттық Банкі әлемдік нарықтарда отандық құймалардың танымалдылығын арттыру мақсатында жақын арада құймалардың аздаған көлемін – басым құқықты іске асыру шеңберінде жыл сайын сатып алынатын тазартылған алтынның 4%-на дейінгі көлемін шет елге сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2018 жылдың басынан бері алтынның әлемдік биржалардағы баға белгіленімі шамамен 8%-ға түсті. АҚШ ФРЖ мөлшерлемелерінің өсуі және АҚШ экономикасы бойынша оң деректердің шығуы нәтижесінде АҚШ долларының нығаюы алтын бағасының төмендеуінің негізгі факторы болды.

"Алайда бірқатар елдерге қарсы экономикалық санкциялардан және сауда шектеулерінен туындаған күрделі геосаяси ая нарықтардың өзгермелілігін арттырып, инвесторлардың неғұрлым қауіпсіз активтерді іздестіруіне ықпал етеді. Экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайында валюта нарығындағы да, бағалы қағаздар нарығындағы да құбылмалылықтан қорғаныш ретінде алтын мен бағалы металдардың рөлі артады. Орталық банктер алтынының қорлары ұзақ мерзімді перспективада сақталу, өтімді болу және кірісті болу сипаттары бар сақтандыру активтері ретінде болады", - деп атап өтті ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

2018 жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық Банкі отандық өндірушілерден 33 тоннаға жуық тазартылған алтынды сатып алды. Қазіргі кезде Қазақстан 2018 жылы Сауд Арабиясын басып озып, алтын қоры бойынша әлемде 15 орында тұр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер