Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысының прокуратурасы бюджет қаражатының заңсыз жұмсалғанын анықтады

Жол белгісі, бюджет қаражатын заңсыз пайдалану, Ақтөбе, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2024 22:42 Сурет: gov.kz
Ақтөбе қаласының прокуратурасы жол белгілерін салуға бөлінген бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, 2023 жылы "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы" КММ (бұдан әрі - Орталық) мен серіктестіктердің бірі арасында Ақтөбе қаласының жолдарында жалпы сомасы 213,3 млн теңгеге жол белгілерін орнату туралы шарт жасалған. Шарт бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін орталық көрсетілген соманы толығымен төлеген.

"Шарттың талаптарына сәйкес 3 айдың кепілдік мерзімі ішінде серіктестік бұзылған белгілерді өз есебінен қалпына келтіруге міндетті. Алайда, тексеру барысында аталған орталықпен кепіл мерзімі ішінде бұзылған белгілерді қалпына келтіргені үшін серіктестікке жалпы сомасы 45,5 млн теңгеге бюджет қаражаты заңсыз аударылғаны анықталды. Ақтөбе қаласының прокуратурасы жоғарыда айтылғандарды негізінде, ҚК-тің 361-бабының 1-бөлігі (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады", делінген 17 сәуірде жарияланған хабарламада.

Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу және процестік шешім қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданғаны да нақтыланады.

Айта кетсек, 17 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ХҚКО-ларға жүргізілген арнайы мониторинг нәтижелері бойынша бюджетке түсетін түсімдер 10,6 млрд теңгеден 91,3 млрд теңгеге дейін ұлғайғанын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: