Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Онкологиялық дәрілердің неліктен жетпей қалғаны белгілі болды

Үлкен дау тудырған герцептин дәрісінің 75 данасы ай сайын қалаға жеткізіледі екен.

Сурет : Baq.kz13 Қыркүйек 2018, 14:01

Қаламызда биыл онкологиялық ауру дертіне шалдыққандар саны өсуіне байланысты онкологиялық дәрілердің жетіспеуі туындады. Бұл жайында Алматықаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Жиын барысынада Н. Исабеков дәрі-дәрмекке алдын ала тапсырыс берілетіндігін және биыл науқастардың күрт көбейуіне байланысты дәрілер кешігіп келіп жатқанын жеткізді.

«Кеше онкологиялық науқастарға дәрі жетіспейді деген мәселе туындады. Ол бір ғана дәрі бойынша орын алды. Яғни герцептин дәрісі жайында. Жалпы қалада қанша науқас бар сол бойынша дәрі-дәрмекке алдын ала тапсырыс беріледі. Бұл мәселе қаламызда биыл сүт безі обыры ауыруының өсуіне байланысты туындады», - дейді ол.

Сондай-ақ ол, қазір СК Фармацевтика компаниясымен бұл мәселе шешімін тауып, жақын уақытта дәрілер жеткізілетінін жеткізді. Жалпы биыл Алматы қаласында онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға қызмет көрсетуге 3,2 млрд теңге бөлінген.

«Осы жылдың соңғы 9 айының қортындысы бойынша қаламызда 5426 әйел сүт безі обыры диагнозымен тіркелді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 5 % жоғары. Сондай-ақ сүт безі ісігі ауруы бірінші орынға шығып отыр және бұл үлкен алаңдаушылық тудыруда. Бұл ауру түрінің белең алуына байланысты қосымша қаржыландыруға тапсырыс жасалған. Қазір бұл мәселе шешімін табуда. Дәрінің кешігіп жетуіне байланысты Онкология институты мен Қызылорда облысынан қарызға осы герсептин дәрісін алдырдық», -дейді Алматы қаласы онкологиялық орталықтың бас дәрігері Нұрсұлтан Избағамбетов.

Жиын барысында ол, әйелдер арасында өршіп отырған бұл ауру түрі бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты. 15 қыркүйектен бастап қазан айының соңына дейін әр сенбі күні кез-келген әйел аталған орталықтан тегін тексерістен өте алады.

СК Фармация компаниясы қыркүйек айына жасалған тапсырысты келесі аптаның соңында жеткіземіз деп отыр.

«Біздің компания денсаулық сақтау мекемелерінің тапсырысы бойынша дәрі-дәрмек жеткізумен айналысады. 2018 жылға Алматы қаласы онкологиялық диспансері 2 млрд теңгеге тапсырыс берген. Қазіргі таңда 1,7 млрд теңгенің тапсырысы орындалды. Нақты герцептин дәрісіне келсек, ол кесте бойынша қыркүйек айында жеткізілу керек болатын, ол елге жеткізілген, қазір сертификаттаудан өтіп жатыр, 20 қыркүйекте оны жіберу басталады», -дейді СК Фармация компаниясының Алматыдағы өкілі Наталя Зеленская.

Үлкен дау тудырған герцептин дәрісінің 75 данасы ай сайын қалаға жеткізіледі екен. Оның бір данасы 300 мың теңге тұрады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер