Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақ жігіті жынысын ауыстырғысы келетінін ел алдында ашық айтты

Ол бірінші сынып оқып жүрген кезден бастап өзін іштей қыз санай бастапты.

Сурет : Stan.kz13 Қыркүйек 2018, 15:49

Қазақ жігіті ұзақ уақыттан бері жасырып келген сырын жайып салды. Ол жынысын ауыстырып, әйел болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Жігіттің өзінің айтуынша, ол бала кезінен өзін қыз ретінде сезінген. Бірақ өмірге ұл болып келген. Бірінші сынып оқып жүрген кезден бастап өзін іштей қыз санай бастапты. 20 жасқа толғанда ата-анасына осы сезімі жайлы айтқан. Алайда ата-анасы бұл әңгімеден шошып, бірден бас тартқан.

“Өзімді ешқашан ұл деп сезінбегем. Ешкімге де айта алмадым. Ата-анама түсіндіргеніммен, мені қыз ретінде қабылдай алмады”, – дейді бүгінде әйел болып киінген жігіт.

Ол бет-жүзін жасырмай ел алдына шықты.

Психологтің “Әкеңіз сізді осылай қабылдай алды ма?” деген сұрағына жауап бере алмай, жылап қалды.

Психолог маман кейіпкердің әрекеті қызға ұқсамайтынын, тіпті даусының өзі жігітке тән екенін айтып өтті.

“Бұл жігіттің осындай жағдайға келуіне ішкі сезімінің әсері болған. Мұны дәрігерлер психикалық ауытқу деп атайды”, – дейді маман.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер