Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

«Әділ Қытай» қылмыстық тобының серкесі 20 жылға сотталды

Сонымен қатар, оның мүлкі де тәркіленетін болады.

Сурет : ҚазАқпарат13 Қыркүйек 2018, 17:02

Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Әділ Қытай» ұйымдасқан қылмыстық тобының серкелеріне үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басты сотталушы Әділжан Зайнаудин 20 жылға бас бостандығынан айрылды. Сонымен қатар, оның мүлкі де тәркіленетін болады.

Барлығы сот алдында 12 сотталушы жауап берген болатын. Әділжан Зайнаудинов бірқатар қылмыс бойынша: қылмыстық топ құру, адам денсаулығына нұқсан келтіремін немесе өлтіремін деп қорқыту, алаяқтық, адам өлтіру, пара беру сияқты қылмыстар бойынша айыпталған болатын.

Зайнаудиннің ұлдары Мехришат Зайнаудиннің бас бостандығы 1,2 жылға шеткелсе, екінші ұлы Бахтишат Арупов 6 жылын темір тордың аржағында өткізетін болады. Арупов жазасын орташа дәрежедегі қауіпсіздік колониясында өткізетін болды.

Айта кету керек, былтыр 30 мамырда ҚР ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық мүшелерін ұстаған болатын. Ұсталғандардың арасында Әуезов аудандық ІІБ басшысы Бақыт Қасабеков болған. Полиция қызметкері ұйымдасқан қылмыстық топты қорғағаны үшін 5 жылға сотталған еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер