Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстандықтар жұмыс беремін деген еуропалық алаяқтарға ақша аударған

Алаяқтар «Linkedln» әлеуметтік желісі арқылы қазақстандықтарға жоғары жалақы, тұрғын үй және көлікпен қамтамасыз ететін Ұлыбританиядағы жұмыс орнын ұсынған.

Сурет : Baq.kz11 Қазан 2018, 11:50

Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінен Еуропадағы алаяқтық тәсілдер туралы ақпарат келіп түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz.

"Ақпаратқа сәйкес алаяқтар «Linkedln» әлеуметтік желісі арқылы қазақстандықтарға жоғары жалақы, тұрғын үй және көлікпен қамтамасыз ететін Ұлыбританиядағы жұмыс орны туралы, сондай-ақ виза және жұмысқа рұқсат алуға қолдау көрсету туралы ұсыныс хаттар жібереді. Сонымен бірге, алаяқтар компанияның шотына жоғарыда аталған құжаттарды дайындау үшін алдын-ала ақшалай қаражат аударуды сұрайды. Талап етілген ақшаны алғаннан кейін алаяқтар байланысқа шықпайды", - делінген ІІД таратқан хабарламада.

Осыған орай Жамбыл облысы ІІД аталған деректердің алдын алу мақсатында жергілікті халықты күдік тудыратын веб-сайттар мен әлеуметтік желілерден сақ болуға шақырады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер