Жаңалықтар тізбегі
0

Жүзге толған әжей күйеуге шықты

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2018 17:32 sputniknews.kz
Некелесу салтанатынан кейін қарт әйел осы сәтті ұзақ күткенін айтты.

Былтыр 100 жас мерейтойын атап өткен Ұлыбритания тұрғыны Нора Уиткисс (Norah Witkiss) өзінен 26 жас кіші ер адамға тұрмысқа шықты деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қалыңдық болашақ жары Малкольм Йетспен (Malcolm Yates) 1980 жылдардың соңында би сабағында танысқан, деп жазады The Mirror. Содан бері екеуінің жұбы жазылмаған.

Күйеу жігіті бұрын автобус жүргізушісі болып жұмыс істеп, сабаққа алғаш келгенде би билей алмағанын мойындайды.

"Маған би билеуді үйретті. Бірге саяхаттап, серуен құратынбыз. Ең сүйікті биіміз — ча-ча-ча", — дейді Малкольм Йетс.

Некелесу салтанаты Престенин қаласында үйлерінің жанындағы қонақ үйде өтті. Тойға 30 адам қатысқан – жұбайлардың достары мен туыстары.

Күйеу жігіт қалыңдығын мүгедек арбасын отырғызып, ABBA тобының Dancing Queen әнімен алып шықты.

"Қалыңдық болу – керемет, сонша жыл күткенім ақталды", — дейді Нора Уиткисс қуанышы қойынына сыймай.

Әжей 1917 жылы туған. Гольф клубта қызметші әрі аспаз болып істеп жүріп, 18 жасында тұрмыс құрады. Күйеуі 1970 жылы қайтыс болған. Кейін тағы бір азаматты кезіктіріп, ол қайтыс болғанға дейін 16 жыл отасады. Содан соң Йетспен танысыпты.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: