Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада "MAGNUM CASH & CARRY" бөлшек-сауда желісінің филиалы ашылды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2018 18:21 Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Бүгін Сыр өңірінде Қазақстандағы "Magnum Cash & Carry" бөлшек-сауда желісі ашылды. Облыс әкімі Қ.Көшербаев сауда орталығында болып, қала тұрғындарын құттықтады деп жазады zakon.kz.

«Мемлекет басшысының өзі бүгінде біздің алдымызға экономиканың жетекші күші - орта және шағын бизнесті жан-жақты қолдауды басты міндеттердің бірі ретінде қойып отыр. Сол себепті, биылдан бастап алдағы үш жылды, 2018-2021 жылдарын аймағымызда «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияладық. Осы ретте, өңірімізде шағын және орта бизнесті дамыту, соның ішінде халыққа барынша қолайлы жағдай жасалған заманауи ірі кәсіпкерлік нысанның ашылуы - уақыт талабына сай іске асуы тиіс жоба»,-деді аймақ басшысы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2018 18:21

Бүгінде "Magnum"-да 322 адам жұмыс істейді. 18 мыңнан астам өнім түрі ұсынылған, сатып алушыларға 27 касса қызмет көрсететін болады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де кассалар қарастырылған.

Айта кету керек, "Магнумның" жеке наубайханасы аймақ тұрғындары үшін нан-тоқаш өнімдерінің 50-ден астам түрін шығарады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2018 18:21

"Magnum" Жібек Жолы даңғылы бойындағы "Array City Mall" сауда ойын-сауық орталығының бірінші қабатында орналасқан. Жалпы "Aray City Mall" сауда ойын-сауық орталығы Тәуелсіздік күні қарсаңында толық пайдалануға беріледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2018 18:21

Мұнда түрлі брендтер мен сауда орталығының екінші қабатында балаларға арналған «Фанкитаун» (Funky town) иәртүрлі атракциондар, симуляторлар және ойын аппараттарымен жабдықталған балалар алаңы, "Киноплекс" (Kinoplexx) желісінің 7 залдық кинотеатры, фудкорт және мейрамханалар орналасатын болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2018 18:21

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: