Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Андрей есімді жанкүйерлер "Қайраттың" матчын тегін көре алады

Қазақстандық футбол клубы ресейлік спортшының кетуіне байланысты акция өткізіп жатыр.

Сурет : sputniknews.kz8 Қараша 2018, 11:40

"Қайрат" – "Шахтер" кездесуі Андрей Аршавиннің қазақстандық клубтағы соңғы ойыны болады деп жазады sputniknews.kz.

Аршавиннің кетуіне байланысты "Қайрат" "Сәлем, Андрей" акциясын іске қосты.

Сонымен, Андрей есімді жанкүйерлер матчқа тегін кіре алады. Ол үшін Орталық стадионның кассасында жеке куәлікті көрсету керек.

Еске сала кетейік, "Қайраттың" ойыншылары "Шахтермен" кездесетін күні, яғни 11 қарашада Андрей Аршавинді шығарып салу салтанаты өтеді.

Футбол клубының порталында хабарланғандай, ресейлік спортшы "Қайраттың" құрамында үш маусымда жүзден астам матч өткізіп, 30 гол соқты және 37 нәтижелі доп берді.

Ол клубпен бірге үш рет ел чемпионатының күмісін, Қазақстан Кубогы және Суперкубогын жеңіп алды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер