Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбенің монополистері жоғары тарифтің арқасында 100 миллион теңгеден артық пайда көрген

Мәселен, «Актобеэнергоснаб» ЖШС 122,1 млн теңге көлемінде үстеме табыс көріп отырған.

Сурет : aktobenews.kz8 Қараша 2018, 12:22

Ақтөбе облысының прокуратурасы тарифті негізсіз көтерген монополистерді жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мәселен, «Актобеэнергоснаб» ЖШС 122,1 млн теңге көлемінде үстеме табыс көріп отырған. Электр энергия тарифі сағатына бір киловаттқа 17,62 теңгеден 17,23 теңгеге дейін төмендетілді.

Қандыағаш қаласының тұрғындары үшін жылу энергиясы тарифі 490,41 теңгеге дейін азайтылды.

Мұнда монополист тарифтік сметаны орындамаған. Нәтижесінде мекеменің тарифі бір Гкал үшін 3131,66 теңгеден 2641,25 теңгеге дейін қысқартылды.

«Тарифтік сметаны орындамағаны үшін жылу энергиясын тарататын 7 табиғи монополист жауапкершілікке тартылды. Олар: «Трансэнерго» АҚ, «Коммунальщик», «Эмба жылу», «Шұбарқұдық жылу», «Жемжылу», «Никельтау жылу», «Мартук сервис» мемлекеттік коммуналды мекемелері», — делінген облыстық прокуратураның ресми хабарламасында.

Еске сала кетейік, кеше, 7 қарашада өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тарифті негізсіз көтерген монополистерді жазаға тарту жөнінде тапсырма берді. Бас прокуратураның мәліметінше, қазақстандықтар монополистерге үш жылдың ішінде 29 млрд теңге артық төлеп қойған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер