Жаңалықтар тізбегі
0

Бозымбаев дизель отыны бағасына алаңдаулы

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2018 22:19 www.inform.kz
Министр осы ретте еліміздегі бензин мен дизель отынының бағасын көтермеу қажеттігіне баса назар аударды.

Ресеймен шекаралас өңірлерде бензин мен дизель отынын тұтыну көлемінің артуы олардың көрші нарыққа кетіп жатқанын білдіреді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресеймен шекаралас өңірлерде дизель отыны мен бензинді тұтыну көлемі күрт артты. Бүгінгі күні 3 млн адам тұратын Түркістан облысы мен Шымкент қаласына қарағанда 700-800 мың адамы бар Батыс Қазақстан не болмаса Қостанай облыстарын қоса алғанда соңғы уақытта тұтынылатын жанармай көлемі бірнеше есе көп болып отыр. Бұл дизель отыны мен бензин Ресей Федерациясына кетіп жатыр дегенді білдіреді. Шекарамыздың үлкен екендігі, кеденнің жоқтығы белгілі. Дегенмен, бұл фактілерді Премьер-Министрге жеткіздім. Ол орынбасары Досаевқа тапсырма берді. Біз ұсыныс әзірлеуіміз керек», - деді ол ішкі нарықтағы жанар-жағармай бағасы талқыланған кеңесте.

Министр осы ретте еліміздегі бензин мен дизель отынының бағасын көтермеу қажеттігіне баса назар аударды.

«Дегенмен, біз шекарамызды бақылауда ұстауымыз қажет. Жұма күні Үкіметте нарығымызды қорғау нұсқалары туралы баяндайтын боламыз. Екінші жолы - бағаны Ресеймен теңестіру қажет. Мұндай жағдайдың болуы, бензинді 240, дизель отынын 250 теңге жеткізу фантастика болар еді. Дегенмен бұл да тығырықтан шығудың бір жолы. Осы жайт орын алатын болса Үкімет тұтынушыларды субсидиялау бойынша шаралар қабылдайды. Алайда, біз бірінші, шекарамызды нығайту жолымен жүретін шығармыз», - деді Қанат Бозымбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: