Қазақстан – электр қуаты ең қымбат ел

Электр қуаты, Орталық Азия, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2021 16:18 Сурет: Zakon.kz
Елімізде 1 киловатт-сағат электр қуаты 0,039 доллардан сатылады

Орталық Азияда электр қуаты ең қымбат ел Қазақстан екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика секторын зерттеуге арналған Cable.co.uk британ порталы әлемнің 230 еліндегі электр қуатының бағасын салыстырып, Орталық Азия бойынша Қазақстанда электр қуаты қымбат бағаланатынын анықтады, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Портал мәліметінше, Өзбекстанда 1 киловатт-сағат электр қуаты 0,027 доллар немесе 295 сум тұрады. Өзбекстан рейтингте 7-орын алды.

Зерттеулерге сәйкес, Орталық Азия елдерінде ең арзан электр қуаты Қырғызстанда сатылады. Бұл елде 1 киловатт-сағат электр қуаты 0,017 доллар тұрады.

Қырғызстан рейтингте төртінші орында тұр. Алтыншы орынға Тәжікстан орналасты. Мұндағы баға - 0,023 доллар.

Қазақстан 16-орында тұр. Республикада 1 киловатт-сағат электр қуаты 0,039 доллардан сатылады.

Электр қуаты арзан үш мемлекет Африкада орналасқан - Ливия (0,007 доллар), Ангола (0,013 доллар) және Судан (0,014 доллар).

Соломон Аралдарында (0,692 доллар), Әулие Елена аралында (0,612 доллара) және Вануатуда (0,591 доллар) электр қуаты қымбат екені анықталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: