Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО әкімі өңірде электр энергиясының тарифі неге көтеріліп кеткенін түсіндірді

Энергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2021 19:50 Сурет: pixabay
Өңір басшысы облыста ұзақ уақыт бойы электр энергиясының өзіндік құнында үлкен теңгерімсіздік болғанын жеткізді

Оралда электр энергиясының тарифі көтерілді. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев ОКҚ-да өткен брифингіде мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есқалиев тариф мәселесі барлық өңірлер үшін күрделі екенін баса айтты.

Бізде тарифті көтеру қажеттілігі бұрыннан бар, бірақ биыл жазда мәселе одан да өзекті бола түсті. "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг" компаниясы бізге электр энергиясының әр киловатын 3,5 теңгеден жеңілдік бағамен ұсынады. Қазір компанияның қуаты артқандықтан, электр энергиясына деген қажеттілік де артып, олар қазір бұл қуатты өз қажеттіліктеріне жарата бастады. Біз қазір олармен қосымша қуат бөлу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз, бірақ бұл уақытты қажет етеді. Яғни, біз бұрын арзан бағамен алған электр энергиясының қандай да бір бөлігін Маңғыстау облысынан немесе Ресей Федерациясынан әлдеқайда қымбатқа сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Бұл – тарифтің өсуінің басты себебі. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев

Сондай-ақ өңір басшысы облыста ұзақ уақыт бойы электр энергиясының өзіндік құнында үлкен теңгерімсіздік болғанын жеткізді.

Егер орташа есеппен өндірілген электр энергиясының бір киловатының өзіндік құны 18 теңге болса, онда халық үшін көп жылдар бойы оны өзіндік құнынан да төмен бағамен: 10, 11, 12 теңгеге саттық. Яғни, шығынға саттық. Салдарынан газ турбиналық электр станциялары алдында біз үлкен қарызға баттық, сондықтан олар бізге талап қойды: "Ақшаны төлеңіздер немесе қандай да бір шешім қабылдаңыздар, әйтпесе электр энергиясын беруді тоқтатамыз", – деді. Сондықтан тарифтердің белгілі бір өсімі байқалады. Батыс Қазақстан облысының әкімі

Сонымен қатар, Есқалиев Табиғи монополияларды реттеу комитеті тарифтерді көтерудің барлық негіздемелерін тексергенін айтты.

Облыс әкімі тарифтердің өсуі желілердің тозуымен де байланысты екенін атап өтті.

Оның үстіне біздегі желілер тозған, өйткені біз көп жылдар бойы электр энергиясы бойынша шығынға баттық, оны өзіндік құнынан төмен тұрғындарға саттық және РЭК компаниясында желілер мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеуге мүмкіндік болмады. Шынын айтқанда, электриктердің, электромонтерлердің жалақысы 55-60 мың теңгені құрайды. Қазір аздап оны 72 мың теңгеге дейін көтердік, бірақ өздеріңіз түсініп отырғандарыңыздай, мұның өзі өте аз жалақы. Сондықтан, желілер жақсы болуы үшін трансформаторлар жаңартылуы керек, барлық жұмысшылар, әрине, лайықты жалақы алуы тиіс. Осыған байланысты тарифтердің белгілі бір өсімі байқалады. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: