Жаңалықтар тізбегі
0

Air Astana ұшақтары Таулы Қарабақ маңын айналып өтетін болды

Air Astana, Таулы Қарабақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2023 19:51 Сурет: Zakon.kz
Astana әуе компаниясы Түркия, Еуропа және Израильге ары-бері қатынайтын рейстер өңірдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Таулы Қарабақ маңын айналып өтетінін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы тобының Түркия, Еуропа және Израильге ары-бері қатынайтын рейстері аталған өңірді айналып өтеді.

"Әуе компания жағдайды мұқият қадағалап отыр, ұшу қауіпсіздігінің барлық шараларын қолданатын болады". Air Astana

19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақта "терроризмге қарсы операция" басталғанын жариялады.

ҚР СІМ Таулы Қарабақ бойынша мәлімдеме жасады. Сыртқы саяси ведомство Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына оның халықаралық деңгейде танылған шекаралары шегінде берік қолдайтынын, сондай-ақ барлық мәселелерді саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді жақтайтынын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: