Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде тұтынушылар құқығын бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салу ұсынылды

Елімізде тұтынушылар құқығын бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салу ұсынылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 13:27 Сурет: Zakon.kz
Мәжілісте Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев Қазақстанда кәсіпкерге тұтынушының пайдасына сотпен айыппұл түріндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілікті енгізу ұсынылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайрат Балықбаев бизнестің жауапкершілігін арттыруға және халықтың тұтынушы құқығын қорғауға бағытталған "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заң жобасын таныстырды.

"Кәсіпкерлерге жүгінгенде құқығы бұзылған және сотқа дейінгі сатыда шешілмеген тұтынушының пайдасына сотпен айыппұл түріндегі кәсіпкердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін енгізу ұсынылып отыр. Айыппұл тұтынушының талап-арыз сомасының 10%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде. Талап сомасы неғұрлым аз болса, жоғарыда көрсетілген шектерде айыппұл соғұрлым жоғары болады", - деді вице-министр.

Кейін ол бұл норманы толығырақ түсіндірді.

"Сатушылар сапасы төмен тауарды, мысалы, шәйнекті немесе балалар ойыншығын 10-15 мың теңгеге аздаған сомаға сатып алғанда өкінішке қарай, мұны аз ақша деп қарастырады. Біз айыппұлдардың сомасына қарай градация енгізуді ұсынамыз. Тауардың мөлшері неғұрлым аз болса, соғұрлым үлкен айыппұл. Оның мөлшері 50%-ға дейін жетуі мүмкін. Ал бұл сатушыны тұтынушымен дауды өзі шешуге итермелейді, өйткені ол оны сотқа жеткізе алады. Сот кәсіпкердің қанша айыппұл төлейтінін белгілейді. Содан кейін кәсіпкер төленген тауар сомасын, айыппұлды және сотқа байланысты шығынды өтеуі керек болады", - деп түсіндірді Қайрат Балықбаев.

Мұндай норма сатушыны өз дауын сотқа дейін апарып, шешуге стимул береді дейді ол. Бұған дейін Қазақстанда мұндай тәсіл болмаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: