Жаңалықтар тізбегі
0

Заңсыз алынған активтерді өз еркімен қайтаратындарға нақты кепіл берілмек

Заңсыз алынған активтерді өз еркімен қайтаратындарға нақты кепіл берілмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 17:50 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.

Комиссия құрамына үкімет мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері кірді. Комиссияның негізгі міндеттерінің бірі – жүйелі шараларды жүзеге асыру, заңсыз шығарылған капиталды елге қайтарудың әдістері мен тетіктерін әзірлеу. Бұл ретте барлық шешімдер еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси мүдделерін ескере отырып, алқалы түрде, ашық және бейтарап қабылданады. Комиссияның уәкілетті органы – заңға сәйкес жұмысын бастаған ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитеті.

Отырыс барысында комиссия мүшелерінің назарына заңда көзделген рәсімдер шеңберінде активтерді мемлекетке өз еркімен және мәжбүрлі түрде қайтаруға дайындық туралы ақпарат ұсынылды. Жақында комиссияның қарауына комитетпен ынтымақтастыққа дайын тұлғалардың активтерді өз еркімен қайтаруы жөніндегі ұсыныстар, сонымен қатар тізілім арқылы әрі қарай заңда көзделген түрлі талап қою шаралары кешенін іске асыра отырып, өзге тұлғаларға қатысты мәжбүрлі түрде қайтару жөнінде ұсыныстар шығарылады.

"Заң күшіне сәйкес активтерді өз еркімен қайтаратын адамдарға нақты кепілдіктер беріледі. Өз еркімен қайтару шарттары, сондай-ақ тізілімді қалыптастыруды қоса алғанда, мәжбүрлі түрде қайтару жөніндегі іс-қимылдар және т.б. комиссияның қарауына жатады. Сонымен қатар уомиссияға заңның барлық нормасы күшіне енгендіктен, заңсыз алынған, оның ішінде заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке өз еркімен қайтарғысы келетін адамдардың ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитетінің атына тиісті өтінішхат жіберуге құқығы бар екені туралы айтылды", - делінген үкімет хабарламасында.

Кеңесті қорытындылай келе, премьер-министр жұмысты ведомствоаралық тығыз ынтымақтастық негізде және артық бюрократиясыз шұғыл ұйымдастыруды тапсырды. Қайтарылған активтер маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталатыны айтылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: