Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов: жергілікті атқарушы органдар заманауи суару технологиясын енгізе алмай отыр

Смайылов: жергілікті атқарушы органдар заманауи суару технологиясын енгізе алмай отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 11:24 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында биыл еліміздің егіншілері үшін өте қиын жыл болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дегенмен премьер-министрдің айтуынша, биыл Қазақстан наннан тарықпайды.

"Биыл еліміздің егіншілері үшін өте қиын жыл болды. Жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылықтан алқаптағы егін қатты зардап шекті. Одан кейін тамыздан бастап осы күнге дейін үздіксіз жауған жауын-шашын астықтың сапасы мен түсімін төмендетіп жіберді. Қолайсыз ауа-райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40%-ке жуығы ешқандай класқа жатпайды. Алайда қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды", - деді ол.

Былтырдан қалған қорды ескерсек, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті. Біздің фермерлерге мемлекет тарапынан қажет қолдау шаралары көрсетілді деп қосты Смайылов.

"Атап айтқанда, әділ сатып алу бағасы белгіленді. Айыппұл санкцияларын қолданбай, несиелер мен қарыздарды қайтару мерзімдері ұзартылды. Жеңілдетілген дизель отыны, оның ішінде астықты кептіру үшін қажет отын көлемі бөлінді. Субсидияларды төлеу бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындау үшін шаралар қабылданып жатыр. Осылайша өсімдік шаруашылығы бойынша алғашқы 30 млрд теңге субсидиялары бөлінді. Сонымен қатар бидайды тікелей сатып алу үшін тиісті қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Тағы да атап өткім келеді. Ішкі нарықта бидаймен проблема болмау керек. Ұн және нан өнімдері Азық-түлік корпорациясы мен өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтері арқылы қамтамасыз етілген", - деді премьер-министр.

Дегенмен Смайыловтың айтуынша, өсімдік шаруашылығында кейбір маңызды мәселелер әлі күнге дейін шешімін таппай отыр.

"Айталық, жергілікті атқарушы органдар заманауи суару технологияларын енгізуді дұрыс ұйымдастыра алмай келеді. Бұл су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік берген болар еді. Еліміздің құбылмалы климатына бейімделген жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлу керек. Бидайдың жаңа сорттарын өсіру жұмысы нашар жүріп жатыр. Аграрлық ғылыми жүйені түбегейлі қайта қарау қажет. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту мәселесі де өзекті. Әбден тозығы жеткен техника егіс жұмысының сапасына да әсер етіп жатыр".

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдіктері мына мәселелерге назар аударуы қажет:

  • Жиналған егінді уақытылы және сапалы кептіру жұмыстарының аяқталуын қамтамасыз ету керек.
  • Астықты сақтау және өңдеу, тұқым қорын дайындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
  • Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, "фермерлерді қолдау үшін қажетті қаражат бөлуді қамтамасыз ету керек.
  • Агроөнеркәсіп кешеннің, оның ішінде дәнді дақылдардың отандық селекциясының ғылыми әлеуетін дамыту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу қажет.
  • "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша қосымша ынталандыру шараларын әзірлеу керек.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: