Жаңалықтар тізбегі
0

ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысы: Қазақстанның экономикалық өсуге қол жеткізуге мүмкіндігі жеткілікті

ҚР премьер-министрі, ХВҚ-ның республикадағы миссиясының басшысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2023 10:25 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов пен ХВҚ-ның республикадағы миссиясының басшысы Николя Бланше Қазақстан мен Халықаралық валюта қоры арасындағы таяу және орта мерзімді перспективаға арналған ынтымақтастық жоспарларын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кездесу барысында Әлихан Смайылов валюта қорымен серіктестікке үлкен мән берілетінін және оның Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағаланатынын атап өтті.

Биылғы жылдағы маңызды оқиғалар – Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваның Қазақстанға сапары және Алматыда Кавказ, Орталық Азия елдері және Моңғолия үшін әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік орталықтың ашылуы болды.

Әлихан Смайылов атап өткендей, бүгінде ел экономикасы жаңа жағдайларға бейімделіп, тұрақты өсім көрсетуде. Атап айтқанда, 10 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,9%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,6%-ға өсті. Бұл алдағы уақытта, атап айтқанда, 2024 жылы оң динамика үшін қажетті шарт болып табылады. Сонымен қатар Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен шараларын жүзеге асыру нәтижесінде инфляцияның айтарлықтай баяулауы байқалады.

"Біздің басты міндетіміз – макроэкономикалық тұрақтылықты және тұрақты экономикалық өсуді әрі қарай қамтамасыз ету. Осы тұрғыда Халықаралық валюта қорына тұрақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз", – деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Николя Бланше Қазақстанның болашақта ауқымды экономикалық өсуге қол жеткізуі үшін қуаты мен мүмкіндіктері жеткілікті екенін атап өтті.

"Біз республиканың қарқынды өсу жолындағы амбициясын көріп отырмыз және қол жеткізген жетістіктерін ескереміз. Прогресс көптеген салада байқалады. Бұл өсімге қандай жолмен қол жеткізілетіні өте маңызды. Біз кеңестеріміз бен ұсыныстарымызда дәл осы жолдарды көрсетеміз. Біздің ойымызша, жеке сектор мемлекеттің қолдауымен жетекші рөл атқаруы керек", – деді ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның қаржы секторын одан әрі жетілдіру және дамыту үшін өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: