Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы: Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған шаралар қалай жүріп жатыр

Ауыл шаруашылығы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 09:00 Сурет: primeminister.kz
Үкімет Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға арналған сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы барысы жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналғанын, алдағы жылдарда ауыл-аймақты өркендетуге басымдық берілетінін айтқан еді.

Сол кезде ол Үкімет алдына еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша бірқатар жаңа міндеттер белгіледі:

  • 8 млн гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылды.
  • Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында шаруалар 40 млрд теңгеге 1053 комбайн мен трактор сатып алды.
  • 2,8 мың бірлік мал азығын жинау техникасын сатып алуға 20 млрд теңге бөлінді.
  • Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында республикадағы барлық жеке қосалқы шаруашылықтың жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тарту, шағын несие беру есебінен 350 мыңнан астам жұмыс орнын құру және өткізу нарығына шығуды қамтамасыз ету көзделіп отыр. 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамтитын жобаны жүзеге асыруға барлығы 1 трлн теңге қарастырылған.
  • 2023 жылы республикалық бюджеттен 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Бұл ауылдық жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында қаражат толығымен игерілді. Басқа өңірлерде жұмыс жалғасуда.
  • Елді сумен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді шешуді көздейтін жаңа Су кодексінің жобасы әзірленді. Жоба сумен жабдықтау, су бұру, суару мәселелері, су шаруашылығы нысандарының қауіпсіздігі сияқты көптеген бағыттарды қамтиды.
  • Елдің су шаруашылығы жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасын тауып келеді. Мәселен, 2025 жылға дейін Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында сыйымдылығы 1 700 млн м3 болатын жаңа 9 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Оны ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану жоспарланған.
  • Екінші кезеңде Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 705 млн м3 астам суға арналған 11 су қоймасын салу қарастырылған.
  • Сонымен қатар республикадағы суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданын 1,8 млн гектардан 2,5 млн гектарға дейін ұлғайту, қолданыстағы 15 су қоймасы мен 3,5 мың шақырым суару желілерін күрделі жөндеу, сондай-ақ 212 каналдың суды есепке алу жүйесін цифрландыру жоспарланып отыр.

Үкімет Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасында сөз болған экономиканы демонополизациялау мәселесі бойынша қандай жұмыстар атқарылғанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: