Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда бизнесті тексеруге енгізілген мораторий мерзімі ұзартылуы мүмкін бе

Бизнес, тексеру, жасанды интеллект, мораторий, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 18:25 Сурет: pixabay
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 20 желтоқсанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстандағы бизнесті тексеруге енгізілген мораторий мерзімі тағы да ұзартылуы мүмкін бе" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер "билік бизнесті тексеруге енгізілген мораторий мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады ма" деп сұрақ қойды. 

"Ондай шешім болған бізде. Ұсақ және шағын бизнес үшін мораторий өткен жылы ұзартылды. Негізі, оның мерзімі өткен жылдың соңында аяқталған. Өткен жылы Президент оны бір жылға ұзартқанын мәлімдеді. Биыл ол аяқталады", - деп жауап берді Ұлттық экономика министрі.

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Үкімет бизнеспен және сарапшылармен бірлесіп жыл бойы нормативтік-құқықтық актілер мен бизнеске қойылатын талаптарды талдады. Бұл арада 2,5 мың нормативтік-құқықтық актілерден тұратын 128 мың талап туралы сөз болып отыр.

"Тиімсіз, өзектілігін жойған 10,1 мың талап анықталды. Оның 9 мыңы заңға қосалқы актілер деңгейінде алынып тасталды. Қазір тағы бір мыңдайы бар Мәжілісте (талқылануда - ред.). Парламентте талқылау жүргізілгеннен кейін, 1 қаңтардан бастап бұл талаптар да жойылады. 2024 жылы 1 қаңтардан бастап барлық салаларда тәуекелдерді басқару жүйесі енгізіледі. Бұл не деген сөз? Тексерулер адамның қатысуынсыз тағайындалады. Яғни, автоматты түрде, бір жерлерде жасанды интеллект элементтері болады. Тәуекел түрлері бойынша тексерулер тағайындалады. Яғни, тексерулер аз болады. Тексерулер санын екі есе азайту жоспарлануда. Тиісінше, айыппұлдар санын азайту да жоспарлануда", - деді министр.

Әлібек Қуантыров тексерудің жаңа жүйесі енгізілгеннен кейін бизнесті жүргізу әлдеқайда тиімдірек болады деп сенім білдіреді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: