Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте 5 шағын аудан интернет желісінен ажыратылды

Шымкентте 5 шағын аудан интернет желісінен ажыратылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2024 16:36 Сурет: pixabay
Шымкентте электр тарататын монополист мекеменің әрекетінен 5 шағын ауданның халқы интернет байланыссыз қалды. Ең қиыны осындағы 3 мектеп пен 2 емханада электронды жүйенің істемеуінен білім беру мен емдеу ісі ақсап тұр.

Мұғалім электронды тапсырманы осылай амалсыз өз телефоны арқылы тексеріп жүр. Оқушылардың алған бағасы журналға да қойылған жоқ. Өйткені интернетсіз "Күнделік КZ" порталына кіре аламайды. Сондай-ақ бүгін мектеп бойынша оқушылардың білім жетістігін бақылау сынағы басталуы керек еді. Оны да бастай алмай отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

"Ол ББМЖ тек қана интернепен жұмыс істейді. Және де "Күнделік.кз" бар интернетпен жұмыс жасайтын. Оның бәрі мүлдем тоқтады.Мұғалімдеріміз қалтасынан төленген, телефондағы интернетпен жұмыс істеп жатыр. Оған да интерненттің күші жетпейді." Рахилә Барат, мектеп директорының орынбасары

Оқу жылының жаңа тоқсанын шаһардағы үш мектеп осылай бастады. Жалпы бес елді мекенің халқы бір аптадан бері не емханаға тіркеле алмай, не порталға іліге алмай жанды сыздатқан сырқатымен сүйретіліп жүр.

"Бала-шаға сабағын дайындай алмай жатыр. Емханаға тіркеле алмайды. Интернетсіз емханада да жұмыс істемейді, мектепте де сабағы дұрыс болмайды." Бауыржан Исабеков, ауыл тұрғыны

Мұндағы тұрғындардың жайлы өмірін электр тарату мекемесінің жуырда ауысқан басшылығы бұзды. Олар интернет сымын электр бағаналарына байланғандықтан әрқайсысына 238 теңгеден ақы төле деп талап қойған. Болмаған соң өздері интернет желісін ұяшықтарын бұзып, ажыратып тастаған.

"Егер де мен 2 мың абонеттің бағанасына аренда төлейтін болсам 1 мың емес 3 мың теңгеге дейін тариф бағасы көтеріледі." Нұрсәбит Сапарбеков, "Састелеком" компаниясы филилиалының директоры

Тарифті көтерілуіне себепкер болып тұрған бағаналар негізі әкімдіктің меншігі. Оны электр тарату мекемесі сенімгерлік басқаруға алған. Енді екі жақты мәмілеге келтіру үшін әкімдікте жұмыс тобы құрылды.

"Бұл жерде ОЖТ тарапынан мұндай физикалық әрекет орын алмайтыны туралы мәлім етілді. Одан кейін САСтелеком бойынша бүгін шешім қабылдайды. 5 елді мекенді қайта қалпына келтіру бойынша шешім қабылданады." Мұхит Кемелов, қалалық цифрландыру басқармасының басшысы

Бұл қазіргі жағдайға байланысты қабылданған шұғыл шешім. Жұмыс тобының әлі қанша уақыт ақылдасып, нақты неге тоқтары белгісіз.

Жалпы Қазығұрт, Құрсай, Сәуле, Забадам және Еламан шағын ауданына 2021 жылы кең жолақты интернет желісі тартылған. Оны 10 мыңға тарта абонент пайдаланып келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: