Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібермек

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібермек, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2024 12:22 Сурет: Gov.kz
Қырғызстан су тасқынына байланысты Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберуге ниетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 4 сәуірде жоғарғы кеңес отырысында министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров хабарлады.

Сонымен қатар, ол Бішкектегі ЖЭО апаты кезінде Қазақстан Қырғызстанға бірден көмек қолын созғанын атап өтті, деп жазады 24.kg.

"Қазақстандықтар көмек сұрамаса да, біз оларға гуманитарлық көмек жібереміз. Сондай-ақ, осы мүмкіндікті пайдаланып, Өзбекстанға, Түрікменстанға және Қазақстанға алғысымды білдіргім келеді. Көрші мемлекет басшыларының жақсы саясатының нәтижесінде, біз олардан көмек көрсетуді сұрамастан, олар бізге қол ұшын созды.",- деді Ақылбек Жапаров.

Қырғызстан басшысының тапсырмасы бойынша гуманитарлық көмегі бар керуен қазір жөнелтуге дайындалуда.


"Бұл бойынша Төтенше жағдайлар министрі жұмыс істеп жатыр. Қазақстанға отандық өнімдер жіберіледі", - деді Жапаров.

Ол сондай-ақ 8 сәуірде Қырғызстанға Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов келетінін айтты.

Еске салайық, 29 ақпанда Қазақстан Қырғызстанға Бішкектегі ЖЭО апаты кезінде екі мың тонна дизель отынын гуманитарлық көмек ретінде жіберген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: