Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғысы келетіндерге маңызды ескерту жасалды

Водительское удостоверение, водительские права , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 15:35 Фото: Zakon.kz
Болашақ қазақстандық жүргізушілерге 2025 жылғы 9 қыркүйекте автокөлік иелеріне арналған Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді бір ыңғайлы қызмет жайлы еске салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Егер сіз теориялық емтиханды тапсырып, бірақ практикалық сынақтан өте аламын ба деп уайымдасаңыз, өз жүргізу дағдыларыңызды тексеру үшін сынамалық практикалық емтиханға жазылуға болады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында хабарлады.

Жазылу мобильді қосымша арқылы жүзеге асады:

  • "арнайы ХҚКО қызметтері" бөлімін ашыңыз;
  • "сынақ практикалық емтихан" таңдаңыз;
  • ЖСН енгізіңіз;
  • алты таңбалы смс-кодты енгізіңіз;
  • өңірді, арнайы ХҚКО, сынақ емтиханын тапсыру күнін және уақытын таңдаңыз;
  • беріліс қорабының түрін таңдаңыз.

Төлем жасалған соң, сізге сынақ практикалық емтиханға жазылғаныңыз туралы хабарлама келеді.

Бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" қазақстандықтардың көлік құралдарын сату-сатып алу келісімшартын онлайн рәсімдей алатынын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: