Ұлттық банк Мысыр құдайлары бейнеленген монеталарды шығаруда
Фото: пресс-служба Национального банка РК
2025 жылғы 3 желтоқсаннан бастап Қазақстан Ұлттық Банкі "Жаратылыс сырлары" монеталар сериясынан MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
MYSYRLYQ TANYM монетасының дизайны ежелгі Мысыр мен қазіргі заманғы дүниетанымды біріктіреді. Ұлттық банк ақпаратына сүйенсек, монетаның тантал бөлігінде – Мысыр құдайлары, күміс бөлігінде – технология символдары мен олардың трансформациясы бейнеленген.
Бірнеше құрамнан тұратын MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монетасында күрделі технология қолданылған. 925 сынамалы күмістен жасалған монетаның тантал қондырмасы бар. Монетаның жалпы массасы – 162,2 грамм, дайындау сапасы – "proof", номиналы – 2000 теңгелік, дайындау таралымы – 400 (төрт жүз) дана.

Сурет: ҚР Ұлттық банкі
"Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады",- делінген ақпаратта.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Бұған дейін мүгедектік тобын сырттай куәландыруға қалай өтініш беруге болатындығын жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript