Жаңалықтар тізбегі
0

"Гүлдер" би ансамблі Түркиядағы Наурыз фестивалінде өнер көрсетті

Гүлдер ансамблі, Түркия, Наурыз фестивалі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2024 09:43 Сурет: Telegram/Madeniet_aqparat_ministrligi
Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының "Гүлдер" ансамблі Түркияның Амасия қаласында өткен Наурыз фестивалінде өнер көрсетті. Фестиваль түркі елдерінің рухани мұрасын насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл сайын өтетін фестиваль биыл 4 күнге созылды. Қазақстаннан келген қатысушылар "Наурыз" атты басты мерекелік іс-шарада өнер көрсетті, делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз хабарламасында.

"Гүлдер" ансамблінің үш солисі фестивальдың концерттік бағдарламасында бірнеше хореографиялық композиция ұсынды. Олардың арасында Анвара Садықова мен Алмат Шәмшиев көрерменнің көңілінен шыққан "Қара жорға", "Алтынай", "Көңіл толқыны", "Мен қазақтың қызымын", "Жетісуым", "Тоқымқағар", "Ермек" би композицияларын қойды. Ұжым мүшелері аталған композицияларды жеке, дуэт және триомен орындады.

Сондай-ақ фестиваль аясында "Гүлдер" ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова фестиваль қатысушылары мен жергілікті әртістер үшін қазақ биі бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Гүлдер ансамблі, Түркия, Наурыз фестивалі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2024 09:43

Сурет: Telegram/Madeniet_aqparat_ministrligi


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: