Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайберген қазақ тіліне қатысты қуанышты жаңалықты бөлісті

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2024 17:36 Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы тұңғыш рет .60 мыңнан аса сөз қамтылған, жалпы 1 300 беттен тұратын Oxford Qazaq Dictionary сөздігін шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қуанышты жаңалықты әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында бөлісті.


"Ана тіліміздің жанашыры әрі қазақ азаматы ретінде сіздерге айтар тамаша жаңалығым бар! Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы тұңғыш рет Oxford Qazaq Dictionary сөздігін шығарды. Бұл – 60 мыңнан аса сөз қамтылған, жалпы 1 300 беттен тұратын үлкен еңбек. Сөздікті жасауда дүниежүзіне танымал Oxford сөздігін құрастыру әдістемесі мен технологиясы негізге алынған. Әлемдегі аса беделді Oxford University Press баспасының қолдауы және ресми қатысуымен басылған. Сөздік құрастыру 4 жыл жүріп, оған Қазақстандағы кәсіби лингвистер мен ғалымдар, білікті аудармашылар мен редакторлар, жалпы 50-ден аса маман қатысты". Димаш Құдайберген

Әнші ағылшын тілінің белсенді қолданушысы ретінде сөздікпен танысуға, оны күнделікті пайдалануға шақырды.

"Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының бастамасына сәттілік тілеймін! Тіліміздің мәртебесі мен қолдану аясын кеңейтетін осындай аса маңызды, нақты жобаларға қолдау білдірейік!", - деп жазды Димаш.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: