Жаңалықтар тізбегі
0

Рахат-би Әбдісағынның Швейцариядағы концерті аншлагпен өтті

Рахат-би Әбдісағын, Швейцария, концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 22:36 Сурет: mir24.tv
Әлемдік деңгейдегі музыка жұлдызы, отандасымыз Рахат-би Әбдісағынның Швейцариядағы концерті аншлагпен өтті. 300 адамға арналған залда ине шаншар орын болмады. Отандасымыз жиналған жұртқа 1,5 сағат бойы классикалық музыканың жауһарларын тарту етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тума талантымыздың таулы өлке көрермендері алдындағы алғашқы шығармашылық кеші. Жас шебердің орындауындағы туындылар женевалық жұртты тебірендіріп, ерекше әсерге бөледі. Тыңдармандар Рахат-бидің концертінен эстетикалық рақат алғандарын айтады. Орындалған классикалық музыка арасында 300 жыл бұрын жазылған батыс еуропалық шығармалардан бастап, ХХ ғасырда өмір сүрген атақты композиторлардың еңбектері бар. Сондай-ақ кеш барысында отандасымыздың тың туындылары орындалды, деп хабарлайды 24kz.

Сауалнама:

  • Музыка көңілімізден шықты. Өте әсерлі десек, артық айтқан емес. Осындай кешті келіп тамашалағаныма өте қуаныштымын.
  • Керемет кеш үшін көп рақмет. Рахат-бидің шығармашылығы қатты ұнады. Оның сазгерлігіне тәнті болдым.
  • Ғажап. Шығармашылық кеш өте әдемі өтті. Рахат-биді ерекше талантты пианист дер едім. Оған алғысым шексіз.
  • Алар асулары әлі де алда деп ойлаймын. Бүгін орындаған операсы құлаққа өте жағымды. Жүректен шыққан туынды екенін бірден байқалады. Көрермендерге дәл осыны көрсеткісі келгендей.

Бұл талантты жерлесіміздің еуропадағы алғашқы кеші емес. Бұған дейін Рахат-Би Ұлыбританияның 4 қаласында концерт өткізіп, тыңдармандарды тәнті еткен болатын. Жалпы оның музыкасы тек кәрі құрлықта емес, Азия және Американың әйгілі концерт залдарында да жиі орындалады. Тынымсыз еңбегі мен жан-жақты ізденісінің арқасында отандасымыздың есімі бүгінде әлемдегі ең мықты музыканттармен бірге аталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: