Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейдегі су тасқыны: Орынбор маңындағы Жайық өзенінің су деңгейі одан әрі көтеріле түсуде

Су тасқыны, Ресей, Жайық өзені, Орынбор, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2024 20:50 Сурет: РФ ТЖМ
Алдағы тәулікте Орынбор аумағында Урал (Жайық) өзеніндегі су деңгейінің одан әрі көтеріле түседі деп күтіледі, салдарынан тағы 3,5 мың үйді су алуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости мәліметінше, Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге осылай деп есеп берген.

"Алдағы тәулікте Орынбор аумағында Жайық өзеніндегі су деңгейінің одан әрі көтерілетіні болжанады, атап айтқанда, төменгі ағыс бойынша, бұл 3 580 тұрғын үй мен 3 950 учаскенің су алуына әкеліп соқтыруы мүмкін", – деді Паслер.

Сонымен қатар, Денис Паслер Орск қаласында су тасқыны жағдайы тұрақтанғанын, су деңгейі тәулігіне тағы 14 сантиметрге төмендегенін айтты.

"Орскіде жағдай тұрақтанды, күн сайын өзіңізге есеп берудемін. Сіз жағдайға толықтай қанықсыз, су деңгейі бүгін тағы 14 сантиметрге төмендеді", - деді Паслер.

РБК "Орал алқабындағы су тасқыны Орынборға жеткен, одан әрі ол Қазақстанмен шекаралас Елек ауылына қарай жылжып барады" деп оның сөзін келтіреді.

"Қолда бар уақыт қоры Елек ауылында биік бөгет көтеруге мүмкіндік берді. Ол судың аумаққа өте аз зиян келтіріп, Оралдан оңтүстікке қарай өтуі үшін ұйымдастырылған", — деді Паслер.

Сондай-ақ, Қорған облысының губернаторы Вадим Шумков Владимир Путинге сәуірдің 4-нен 5-іне қарағанда тәулікте Қазақстаннан өңірге су босату болжанған көлемнен 40 және одан да көп есе асып түскенін жеткізді

"4 сәуірде су тасқыны жөніндегі өңірлік төтенше жағдайлар комиссиясын өткіздік, онда Қазақстан Республикасының Қаратомар су қоймасынан және Челябі облысының Троицский су қоймасынан келген су секундына 70 текше метрден аспайтыны туралы деректер алынды, бұл - нормативтерге сай көрсеткіш. Ал 5 сәуірде босатылған су алдымен болжанған көлемнен екі есе, одан кейін 40 есе немесе одан да көп екендігі туралы ақпарат алынды. Бұл арада Қаратомар су қоймасынан секундына 3300 текше метр, Троицкий су қоймасынан секундына 1200 текше метр су босағаны туралы сөз болып отыр", - деді Шумков Путинге өңірлердегі су тасқынының салдарын жою жөніндегі кеңесте.

Айта кетсек, 10 сәуірде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі Ресей Федерациясы президентінің Орал федералды округіндегі тең төрағасы Владимир Якушевтің Қазақстанның Ресейдегі су тасқынына әсері туралы мәлімдемесіне қатысты жауап берді. Құзырлы ведомство РФ-дағы су тасқынына Қазақстан әсер етіп жатыр деу негізсіз екенін мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: