Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Тәжікстан билігі Ақордада бірқатар құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Тәжікстан билігі бірқатар құжатқа қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2023 13:39 Сурет: akorda.kz
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға келген іссапары аясында екі елдің президенттері, министрлері және тағы басқа өкілдері бірлескен құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға келген іссапары аясында Ақордада мына құжаттарға қол қойылды:

  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды;
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Тәжікстан Республикасының үкіметі жанындағы кеден қызметі арасындағы Қазақстан мен Тәжікстан арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала мәлімет алмасуды ұйымдастыру туралы хаттамаға қол қойылды;
  • Түркістан және Худжан қалалары арасында Бауырластық қатынастар орнату туралы меморандумға қол қойылды;
  • Қазақстан Республикасы мен Мәдениет және спорт министрлігі мен Тәжікстан Республикасының үкіметі жанындағы Туризмді дамыту комитеті арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы жол картасына қол қойылды;
  • 2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасына қол қойылды;
  • 2023-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы өнеркәсіп және инновациялар саласындағы өзара іс-қимылдың бірлескен жоспарына қол қойылды;
  • Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Тәжікстан Республикасының үкіметі жанындағы Экспорт агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды;
  • 2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды;
  • Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық, өзара іс-қимыл туралы декларациясына қол қойылды.

Айта кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Ақордада қарсы алды. Кейін екі ел басшылары кеңейтілген және кіші құрамда келіссөздер жүргізді.


"Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия, сондай-ақ Тауар айналымын арттыру жөніндегі жұмыс тобы екіжақты қатынастарды ілгерілетуге елеулі үлес қосып келеді. Олардың жұмысына Қазақ-тәжік іскерлік кеңесі де атсалысады. Тауар айналымын арттыру жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру үшін белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселесіне де талқыладық. Бұл – ынтымақтастығымыздың маңызды бағыты. Орта ғасырдағы әйгілі ғұлама, философ әрі шипагер Әбу Әли ибн Синаның ескерткішін ашу жоспарланып отыр. Осы жетістіктердің бәрі екі ел халықтарының ерекше ықыласына ие болады және өзара тығыз қарым-қатынасымыздың жарқын үлгісі саналады. Біз елімізде Тәжікстанның мәдениет күндерін өткізу жөнінде уағдаластық. Мәдениет күндері аясында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері де таныстырылады. Мұны аса маңызды іс-шара деп санаймын", - деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: