Олар Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай» күйлерін оркестрмен бірге орындады.
Сурет: Қарағанды қалалық Ішкі саясат бөлімі
Іс-шараның негізгі лейтмотиві ретінде әлеуметтік желілер, пабликтер мен БАҚ-та жарияланудың қорытындысы бойынша тіркелген, домбырашылар мен ұрпақтар әулетінің (8 жас, 40 жас, 60 жас) орындауындағы флешмоб болды.
Сурет: Қарағанды қалалық Ішкі саясат бөлімі
Іс-шараға Ұлытау облысынан келген 72 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашев қатысып, оған қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы - домбыра сыйға тарту етілді.
Сурет: Қарағанды қалалық Ішкі саясат бөлімі
«Күмбірлі домбыра» фестиваліне қатысуға Шет ауданынан жас қатысушы Саят Аймира да келді.
Сурет: Қарағанды қалалық Ішкі саясат бөлімі
Айта кетсек, 2018 жылдың 13 маусымында қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденің бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні ретінде белгілеу туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы жарық көрді. Сол жылы шілдедегі алғашқы жексенбі 1-і күніне дөп келіп, сол күні елорданың «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңға жиналған 2 мыңнан астам музыканттан құралған домбырашылар оркестрі «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа» күйлерін орындаған еді.
Сурет: Қарағанды қалалық Ішкі саясат бөлімі
Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. «Дариға, домбырамды берші маған, Жаныма келші жарым, келші балам...» деп Мұқағали Мақатаев айтып, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» деп Қадыр Мыразәлі ағамыз да қазақ пен домбыраның егіз ұғым екенін түсіндіріп кеткен. Ендеше бүгін ұлы ұлттың баласы домбырасын ұлықтайтын ұлы күн!
Сурет: Қарағанды қалалық Ішкі саясат бөлімі