СҚО прокурорлары ауылшаруашылығының жерлерін мемлекет пайдасына қайтарды

Фото: pexels
Прокуратура пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы берген мәліметке сай, 2024 жылдың басынан бері қадағалау органы кадастрлық құны 932 млн теңгені құрайтын жалпы ауданы 49 мың га асатын жерлерді мемлекетке қайтарды.

Ақжар, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 42 жер телімін мақсатты пайдаланбаған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған жерлер мемлекетке қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.

Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы аясында қайтарылған жерлерді ауылдық жерлерде тұратын адал субъектілерге пайдалануға беруге бағытталған.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді