Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады
Сурет: Instagram/atptour
25 қазанда Алматыда ATP 250 санатындағы халықаралық теннис турнирі өз мәресіне жетті. Осылайша былтырғы чемпион, ресейлік теннисші Даниил Медведев биыл да жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ATP рейтингісінде бесінші тұрған теннисші алматылық турнирдің финалында грузиялық Николоз Басилашвилиді 6:7, 6:1, 6:3 есебімен жеңді.
Осылайша ресейлік теннисші 2025 жылы Almaty Open турниріндегі жеңісін тағы бір мәрте дәлелдеп, өзінің үздік екенін танытты.
Бұл – Медведевтің ағымдағы маусымдағы төртінші олжасы.
Бүгін оған дейін үнді-америкалық жұп Юки Бхамбри мен Райан Сеггерман жұптық сында Almaty Open ATP 250 чемпиондық титулын иеленген болатын
Шешуші матчта олар австриялық жұп Лукас Мидлер мен Нил Оберлайтнерден басым түсті.
Финалдық кездесу 7:6 (7:3), 6:7 (1:7), 10:2 есебімен аяқталды.
Бұған дейін аталған жарыстан Александр Бубликтің неге шығып қалғанын жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript