Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Бублик, Алматы, Almaty Open, жарақат  , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2026 09:58 Сурет: Instagram/atphalle_official
Кеше ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің жартылай финалында жерлесіміз Александр Бублик ресейлік Даниил Медведевке қарсы өткізген ойыны аяғына жетпей тоқтады. Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы бұл сәтсіздігінің немен байланысты болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы осы турнирдің жартылай финалында, яғни бір күн бұрын тізесінен жарақат алған. Бублик Даниил Медведевке қарсы кездесуге дейін қажетті медициналық шаралардың бәрінен өткен. Алайда матч басталуына 20 минут қалғанда дәрігерлер оның ойнауына рұқсат бермеген.

"Ойын деген осы. Ойнайсың, жарақат аласың, жеңесің, жанкүйерлер қолдауына ие боласың, масаттанып, қуаныштан төбең көккке бір елі жетпей қалады. Бірақ корттан шыққан соң, ертең өзіңе балдақ қажет болуы мүмкін екенін түсінесің. Алматыда, Қазақстанда жиі бола бермеймін, сондықтан жанкүйерлерге өз ойынымды, махабаттымды көрсетіп, қолдауларына жауап бергім келді. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Кем дегенде бірнеше гейм ойнағым келді, ақырында бір сет өткізе алдым", - деді теннисші аталған кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Бубликтің айтуынша, жарақат шамадан тыс жүктемеден болмаған. Ол үшінші сетте сол қолмен соққы жасаған сәтте аяғы тайып кетіп, бар салмағы аяқ ұшына түсіп, құлаған. Соның салдарынан сіңірінің бір бөлігі зақымданған.

Бублик өзі үшін бұл маусым аяқталғанын айтты. Оның айтуынша, мұндай жарақаттар, әдетте, үштен алты апта аралығында жазылады.

Еске салайық, Бублик жартылай финалда Медведевке қарсы матчтың алғашқы сетінде 3:6 есебімен жеңіліп, кездесуді жалғастырудан бас тартты. Бұған дейін ширек финалда Карен Хачановты үш сетте жеңген болатын. Ал турнир финалында Медведев грузиялық Николоз Басилашвилимен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: