Александр Бублик Кицбюэльдегі ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі сеяны болған қазақстандық теннисші жартылай финалға жолдама үшін әлемнің 81-ракеткасы, словакиялық Алекс Молчанмен кездесті.
Матч екі сетке созылып, Бубликтің 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 9 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр 12 эйс жасап, жеті рет қос қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Финал жолдамасы үшін Александр Бублик әлемдік рейтингте 31-орында тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript