Александр Бублик Гштадтағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты
Сурет: instagram/atp
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 34-орын) 18 шілдеде Швейцарияның Гштад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирде сәтті өнерін жалғастырып, жарыстың жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ширек финалда Бублик аргентиналық Франсиско Комесануды (ATP №74) 6:4, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді. Бір сағаттан сәл аса уақытқа созылған матч барысында қазақстандық теннисші ойын тізгінін уысынан шығармай, қарсыласына өз геймін бірде-бір рет алуға мүмкіндік бермеді.
Жартылай финалда Бублик швейцариялық Жером Ким (ATP №154) мен франциялық Артюр Казо (ATP №116) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Жартылай финалға шығу арқылы Бублик 100 рейтингтік ұпай мен 31 090 еуро көлемінде жүлде сомасын иеленді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript