Александр Бублик Аустралиядағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2024 17:03 Сурет: ktf.kz
Александр Бублик Аделаида (Аустралия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты. Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 25, осы жарыстың 4-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Бірінші партияда Бублик қарсыласынан басым болды – 6:3. Екінші сет барысында италиялық спортшы алға кеткенімен, Александр таразы басын теңестіре алды. Бірақ тай-брейкте жиірек қателесті – 6:7 (4:7).

Тартысқа толы үшінші партияда Александрдың мерейі үстем болды. Ол Музеттиді 7:5 есебімен қапы қалдырды. 

2 сағат 35 минутқа созылған теннис додасында Бублик 17 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін құр жібермеді. 

Отандасымыз финалға шығу үшін рейтингіде 62-сатыдағы ұлыбританиялық Джек Дрейпермен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: