Александр Недовесов Аустралиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Александр Недовесов, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2024 17:33 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Недовесов Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда германиялықтар Константин Францен – Хендрик Йебенс жұбымен шеберлік байқасты. 

Бірінші партияны қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:3 есебімен тәмамдады. Екінші сетте де дәл осы есеп (6:3) тіркелді. 

Енді Недовесов – Эскобар финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, үндістандық Рохан Бопанна – аустралиялық Мэттью Эбденмен күш сынасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: