Александр Недовесов Аустриядағы турнирдің ширек финалына шықты
Сурет: ҚТФ
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 54-ракеткасы Александр Недовесов Китцбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге алғашқы айналымда сербиялықтар Иван Сабанов — Матей Сабановпен сынға түсті.
Недовесов — Эскобар қарсыластарын 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
Матч кезінде қазақстандық-эквадорлық жұп бір эйспен бірге 11 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.
Александр Недовесов — Гонсало Эскобар жартылай финалға өту үшін жарыстың 5-ракеткалары, германиялықтар Хендрик Йебенс — Константин Франценмен кездеседі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript