Жаңалықтар тізбегі
0

Александр Недовесов Швециядағы турнирдің ширек финалына өтті

Александр Недовесов Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бастапқы кездесуін корт иелері Лео Борг – Симон Фройндпен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық дуэттің басымдылығы анық байқалды – 6:1. Тартыстылау өрбіген екінші сетте есеп 5:3 болған мезетте жаңбырға байланысты матч тоқтатылып, кейін қайта жалғасты.

Недовесов пен Эскобар 6:4 есебімен жеңіске жетті. Недовесов – Эскобар жүлде қоры 630,7 мың еуроға бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін доданың 2-ракеткалары, бельгиялықтар Йоран Флиген – Сандер Жилле немесе сербиялықтар Никола Качич – Душан Лайович жұптарының қай жеңгенімен кездеседі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз