Александр Недовесов Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Александр Недовесов, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 00:13 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Хорватияның Умаг қаласындағы ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Недовесов эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге жарыстың 4-ракеткалары, уругвайлық Ариэль Беар мен чехиялық Адам Павлашекпен ұтты.

Бірінші сетте қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3 есебімен басым түсіп, екінші сетте Беар мен Павлашек есесін қайтарды – 6:4.

Супер тай-брейкте Недовесов пен Эскобар 10:3 есебімен матчта жеңіске жетті.

Бір сағат 24 минутқа созылған бәсеке барысында олар 4 эйс пен 5 қос қателік жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: